Әлеуметтік әріптестік

Әлеуметтік әріптестік
  • ТДМ 1: Кедейлікті жою
  • ТДМ 2: Аштықты жою
  • ТДМ 3: Жақсы денсаулық және әл-ауқат
  • ТДМ 4: Сапалы білім
  • ТДМ 8: Лайықты жұмыс және экономикалық өсу
  • ТДМ 10: Теңсіздікті қысқарту
  • ТДМ 11: Тұрақты қалалар мен елді мекендер

ОАЭК компаниялар тобы әлеуметтік әріптестікті корпоративтік басқару стратегиясының ажырамас бөлігі ретінде қарастыра отырып, тұрақты дамуды қолдайды. Қоғаммен, билік органдарымен, білім беру мекемелерімен және басқа да мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу ашықтық, өзара құрмет және ұзақ мерзімді ынтымақтастық қағидаттарында құрылады.

Қызметкерлер мен жұмыс берушілердің еңбек қатынастарын және оларға тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері бойынша мүдделерін келісуді қамтамасыз ету үшін Корпорация кәсіпорындарының техникалық басшылары мен персоналмен жұмыс жөніндегі қызметтерінің басшылары мына құрылымдардың құрамына кірді:

  • ҚР Энергетика министрлігінің Салалық кеңесі;
  • Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы энергетика және жылу энергетикасы салаларындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссия;
  • Электр және жылу энергетикасы саласындағы Қазақстан Республикасының Салалық біліктілік шеңберін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы, кәсіптік стандарттарды өзектендіру және әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы;
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия.

Кадрлық әлеуетті дамыту және білім беру мен сала арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мақсатында:

  • «ОАЭК» АҚ өкілі Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті жанындағы Энергетика саласындағы Индустриялық кеңестің құрамына кірді, Корпорация жұмыскерлері осы жоғары оқу орны базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтеді;
  • Ақмола облысының «Аршалы кентінің агротехникалық колледжі» МКҚК-да электр монтерлерін даярлау үшін энергетика факультеті құрылды, колледждің шебер-оқытушыларына Аршалы және Астрахан аудандық электр желілерінде тағылымдамалар ұйымдастырылды.

Корпорацияның еншілес кәсіпорны «Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» АҚ («АЭҮК» АҚ) әлеуметтік әріптестік және дуалды оқыту туралы шарттар шеңберінде Астана, Степногорск, Атбасар, Щучинск қалаларының, Аршалы және Астраханка кенттерінің жоғары және арнаулы орта оқу орындарымен жүйелі өзара әрекеттестікті жүзеге асырады.

Мына жоғары оқу орындарымен әлеуметтік әріптестік туралы шарттар жасалды:

  • «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ;
  • «Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ;
  • «М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті» ЖМ.

2016 жылдан бастап «АЭҮК» АҚ Астана қаласы мен Ақмола облысының 10 колледжімен әлеуметтік әріптестік туралы шарттар жасасты:

  • ҚазККА жанындағы Ақмола көлік және коммуникациялар колледжі;
  • Астана қаласының Көлік және коммуникациялар колледжі;
  • Астана қаласының Басқару колледжі;
  • Кәсіптік-техникалық колледж;
  • Индустриялық-экономикалық колледж;
  • Құрылыс-техникалық колледж;
  • Степногор тау-кен техникалық колледжі;
  • Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжі;
  • «URBAN COLLEGE» ЖШС;
  • Степногор қаласының «Мақсат» колледжі.

2023 жылы «Аршалы кентінің агротехникалық колледжі» МКҚК-мен өзара түсіністік және стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, ол мыналарды көздейді:

  • дуалды білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
  • компания объектілерінде өндірістік және диплом алдындағы практиканы ұйымдастыру;
  • «АЭҮК» АҚ мамандарының оқу процесіне қатысуы;
  • түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

«АЭҮК» АҚ объектілері мен инфрақұрылымы студенттерді, жас мамандарды және жұмыскерлерді практикалық даярлау үшін оқу полигондары ретінде пайдаланылады.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындарында өңірдің оқу орындарымен әлеуметтік әріптестік, практикадан өту, дуалды оқыту туралы шарттар қолданылады:

  • «Торайғыров университеті» КеАҚ;
  • «Торайғыров университеті» КеАҚ Жоғары колледжі;
  • Инновациялық Еуразия университеті;
  • Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары колледжі;
  • Ақпараттық технологиялар колледжі.

2025 жыл ішінде «PROFENERGY» бағдарламасы аясында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобында 418 студент практикадан өтті.

Инновациялық Еуразия университеті Жоғары колледжінің энергетикалық бөлімінің бес оқытушысының Павлодар 3-ЖЭО-да тағылымдамасы ұйымдастырылды.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» кәсіпорындары мына оқу орындарымен әлеуметтік әріптестік туралы шарттар жасасты:

  • М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті;
  • Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі;
  • Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі.

Шарттар студенттерді кәсіби қолдауды көздейді: практика, жазғы уақытта жұмысқа орналастыру, стипендия алу, кәсіпорын қызметкерлерінің емтихан комиссиялары құрамына қатысуы, оқу бағдарламаларын қарау.

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжімен және Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжімен Солтүстік Қазақстан электр желілік компаниясы үшін кадрларды мақсатты даярлау туралы шарттар, сондай-ақ «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ пен Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі, Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі арасындағы корпоративтік басқару туралы келісім қолданылады.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» кәсіпорындарында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері де кәсіптік практикадан өте алады.

«ОАЭК» АҚ білім беру бағдарламаларын энергетика саласының практикалық қажеттіліктерімен байланыстыра отырып, жоғары оқу орындарымен және колледждермен белсенді ынтымақтастықты, сондай-ақ мемлекеттік және салалық ұйымдармен өзара әрекеттестікті әрі қарай да жалғастыруды жоспарлайды.