Қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау «ОАЭК» АҚ-ның басым құндылықтарының бірі болып табылады және корпорацияның бизнес-жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады.

Қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін сақтау, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, жарақаттардың алдын алу, қызметкерлердің санитарлық-тұрмыстық және өндірістік еңбек жағдайларын жақсарту, зиянды және қолайсыз факторлардың әсерін азайту, жұмыс орындарындағы салалық тәуекелдер мен қауіптерді төмендету – «ОАЭК» АҚ мен оның еншілес ұйымдарының кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы саясатының негізгі бағыттары.