Сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимыл
«ОАЭК» АҚ-ның бұлтартпас басымдықтары – тұтынушылардың, акционерлердің, серіктестердің және Компания жұмыскерлерінің мүдделерін сыбайлас жемқорлыққа байланысты қатерлерден қорғау; бизнестің ашықтығын арттыру.

Егер Сізге мынадай фактілер белгілі болса:
- Дайындалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және ұрлық фактілері туралы;
- Сатып алу рәсімдері кезіндегі бұзушылықтар туралы;
- Лауазымды тұлғалардың қызметтік жағдайын теріс пайдалану және өкілеттіктерін асыра пайдалану туралы;
- «ОАЭК» АҚ-ға материалдық залал келтіретін немесе келтіруі мүмкін, болмаса іскерлік беделіне нұқсан келтіретін өзге де әрекеттердің жасалуы туралы;
- Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуы туралы
бұл туралы келесі электрондық пошта мекенжайлары бойынша «Жедел желіге» дереу хабарлауыңызды сұраймыз:
- «ОАЭК» АҚ қабылдау бөлмесі info@energy.kz
- Экономикалық қауіпсіздік департаменті deb@energy.kz
- Ішкі аудит департаменті dva@energy.kz
- Тәуекел-менеджмент департаменті drm@energy.kz
Сіздің өтініштеріңіз Директорлар кеңесіне бағынатын және Компания басшылығынан тәуелсіз жоғарыда көрсетілген департаменттерге жедел түседі.
Барлық хабарламаларды жеке қол қою арқылы да, анонимді түрде де жіберуге болады. «ОАЭК» АҚ басшылығы жіберушінің жеке басын анықтау бойынша ешқандай шара қолданбайтынына кепілдік береді. Сізден алынған ақпарат егжей-тегжейлі зерделеніп, тексеріледі.
Сондай-ақ сенім телефоны: +7 (7172) 64-57-73 арқылы жеке хабарласуыңызға болады



