«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» акционерлік қоғамы Павлодар облысын энергиямен қамтамасыз етуді: энергоресурстарды өндіруді, тасымалдауды және өткізуді жүзеге асырады.

Компания 2000 жылдан бастап құрылып, өз қызметін жүзеге асырып келеді. 2000 жылғы 15 қарашада «Северные тепловые сети» ЖШС тіркеліп, ол 2002 жылғы 25 маусымда «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ болып қайта құрылды.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ құрамына кіреді:

  • Павлодар 2-ЖЭО
  • Павлодар 3-ЖЭО
  • «Павлодар Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ
  • «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС

Электр станцияларының жалпы орнатылған электр қуаты 765 МВт, жылу энергиясы бойынша орнатылған қуаты – 1486 Гкал/сағ құрайды. Өндірісте пайдаланылатын негізгі шикізат – Екібастұз бассейнінің тас көмірі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ халқының саны 743 мың адамды құрайтын, жалпы ауданы 124,8 мың шаршы километр Павлодар облысының аумағын электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

Компанияның электр беріліс желілерінің ұзындығы 15 226,4 шақырымды құрайды.

Компания корпоративтік басқару стандарттарын белсенді түрде енгізуде, бизнес-процестерді оңтайландырады және өндіріс, денсаулық сақтау мен әлеуметтік саладағы халықаралық стандарттарға сәйкес тәжірибені жетілдіреді.

Сертификаттар

Сертификаттар

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ келесі сертификаттарға ие:

  • ISO 9001 – Сапа менеджменті жүйесі (2015 ж.)
  • ISO 14001 – Қоршаған ортаны басқару менеджменті жүйесі (2015 ж.)
  • ISO 45001 – Кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджменті жүйесі (2018 ж.)
  • ISO 50001 – Энергетикалық менеджмент жүйесі (2018 ж.)