Корпоративтік басқару
«ОАЭК» АҚ корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын ұстанады. Компания қызметі барлық тараптардың, атап айтқанда инвесторлардың, акционерлердің, қызметкерлердің және Компанияның лауазымды тұлғаларының мүдделерін теңгерімді ескеруге негізделген.
Компанияның Директорлар кеңесі стратегилық міндеттерді айқындайды, кәсіпорындар жұмысының нәтижелерін ағымдағы мониторингтеу мен бағалауды қоса алғанда, қызметті бақылаудың қажетті механизмдерін қолдайды. Директорлар кеңесінің құрамына Компанияға қатысты аффилирленген тұлғалар болып табылмайтын тәуелсіз директорлар кіреді.
Бизнес-процестерді жетілдіру және қабылданатын шешімдердің тиімділігін арттыру мақсатында Компанияда ішкі бақылау механизмдері жолға қойылған.
Ішкі бақылау «ОАЭК» АҚ үшін жүйелі, барлық деңгейдегі стратегиялық және оперативтік басқаруға біріктірілген, кез келген бизнес-процестер шеңберінде өз функцияларын жүзеге асыру кезінде барлық бөлімшелер мен қызметкерлерді қамтитын болып табылады.
Компанияның Директорлар кеңесі жанында қаржылық есептіліктің сенімділігін қамтамасыз ету және ішкі бақылау мен тәуекелдерді басқару жүйелерін үйлестіру үшін қабылданған шешімдер мен процестерге мониторинг жүргізетін Аудит жөніндегі комитет жұмыс істейді.
«ОАЭК» АҚ ақпараттық ашықтық және қызметтің ашықтығы саясатына адал.


