PROFENERGY
PROFENERGY
«Орталық-Азия Электр Энергетикалық Корпорациясы» АҚ («ЦАЭК» АҚ) PROFENERGY жобасы шеңберінде жас мамандардың кәсіби дамуы үшін жағдай жасайды.
2015 жылы «ЦАЭК» АҚ-ның еншілес ұйымдарында жас мамандарды қолдау және оқу орындарының түлектерін кәсіпорындардың негізгі/маңызды кәсіптеріне тарту, кадрлардың білім деңгейін арттыру мен дамыту, негізгі қызметкерлерді ұстап тұру жөніндегі бағдарлама іске қосылды.
- Оқу бағдарламаларын жетілдіру;
- Тәжірибе, экскурсиялар мен кездесулерді ұйымдастыру;
- Каникул кезеңіне уақытша жұмысқа орналастыру;
- Жобалар байқауы;
- Атаулы стипендия тағайындау;
- Емтихан комиссияларына қатысу;
- Өндірістік және дипломалды тәжірибені төлеу.
Осы бағдарлама шеңберінде еншілес ұйымдарда жұмыс істеп жүрген жас мамандарға бағытталған іс-шаралар мыналарды қамтиды:
- Оқу демалысын төлеу;
- Оқу ақысын төлеу үшін пайызсыз қарыз беру;
- Оқу орнын сәтті аяқтауға байланысты бонус.
«PROFENERGY» жобасы шеңберіндегі жас мамандарды қолдау және кадрлардың білім деңгейін арттыру бағдарламасы техникалық мамандарды даярлау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.


