«ОАЭК» АҚ Корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директоры – корпоративтік хатшысы Талғат Жұмаділов холдингтің жылдық есептері бойынша кейс таныстырып, «Ақпаратты ашудың үздік тәжірибесі» номинациясында жеңіске жетті. Ақмола ЭҮК корпоративтік хатшысы Забира Байзакова «Үздік жас маман» номинация жүлдегері атанды.

Марапаттау рәсімі Орталық Азия корпоративтік хатшылар қауымдастығы алғаш рет ұйымдастырған Қазақстанның Корпоративтік хатшысы күні аясында өтті. Іс-шара бағдарламасында сондай-ақ кәсіби семинар және еліміздің ірі компаниялары өкілдерінің тәжірибе алмасуы қарастырылды.

ОАЭК компаниялар тобы үшін корпоративтік басқарудың жоғары стандарттары, акционерлер, қоғам және серіктестер алдындағы ашықтық пен айқындық сөзсіз басымдық болып қала береді.